spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Президенттікке үміткерлерден лингвистикадан сынақ алатын ғалымдар кім

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құрамын бекіту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясының сұранысы бойынша Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, сонымен қатар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті лингвистикалық комиссияның құрамына кандидаттарды ұсынды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ОСК отырысында қаулы жобасын таныстыра келе.

Сонымен, оның дерегінше, комиссия құрамына мына ғалымдар ұсынылды: филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі , жазушы, абайтанушы Ғарифолла Есім, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Жазушылар одағының мүшесі Жанқара Дәдебаев, Назарбаев университеті қазақ тілі, әдебиеті және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы профессор Гүлтас Құрманбаева, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Дихан Қамзабекұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі интституының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова.
«Барлық кандидаттар қазақ тіл білімі мен әдебиеті саласында танылған әрі танымал ғалымдар. Лингвистикалық комиссия отырыстарының аңдатпалары ОСК-ның сайтында жария етіледі. Комиссия отырыстары ашық түрде өтеді», – деді ол.

Еске салайық, бүгін ҚР ОСК президенттікке кандидаттар лингвистикалық комиссия алдында қандай сынақ тапсыратынын айтқан болатын.

 

Фото: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img