spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

«Көлік жүргізу мәдениеті төмен». Смайылов жолдардағы жағдайды түзетуді тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан жолдарында күніне орта есеппен 5-6 адам қаза табады. Премьер-министр Әлихан Смайылов жағдайды түзетуді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы Қазақстан жол қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте 107-орында тұрғанын атап өтті.

«Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, ауыр аурулар мен табиғи апаттардан гөрі жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар көп. Біздің елде жол-көлік оқиғасынан қайтыс болу ықтималдығы дамыған елдермен салыстырғанда 11 есе жоғары. Жалпы, елде барлық көрсеткіш бойынша өсім барын байқап отырмыз», – деді Премьер-министр Үкімет отырысында.

Смайыловтың айтуынша, сегіз айда жолдардағы апат саны 14 пайызға артқан.

«Қаза болғандар саны 18 пайызға өсті. Орта есеппен жолдарда күніне 5-6 адам өледі. Бұл түзетуді қажет ететін өте күрделі жағдай. Әлемдік тәжірибеде қауіпсіздікті бағалау үш құрамдас бөлік бойынша жүргізіледі: жүргізуші – көлік – жол. Өкінішке қарай, бізде жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениеті төмен», – деп қосты Смайылов.

 

 

 

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img