spot_img
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
15.1 C
Kokshetau

БАҚ үгіт-насихат материалының ақысы, шарты мен тәртібін 16 қазанға дейін жариялауы тиіс

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарына Президенттікке кандидатқа эфир уақытын және баспасөз бетінен орын беру туралы ақпараттық хабарлама жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес, президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары 16 қазаннан кешіктірмей эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабы 5-бөлігіне сәйкес қаралған жауапкершілікті те еске салады. Атап айтқанда, эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралының президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – 30, заңды тұлғаларға 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Фото: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика