spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
3.6 C
Kokshetau

Көкшетауда 6-7 қазан облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығы, Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына, Ұлы қолбасшы Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» облыстық байқауы өтеді. Байқауға Аршалы, Атбасар, Егиндыкөл, Жақсы, Зеренді, Шортанды, Есіла удандары мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы калаларынан 20-29 жас аралығындағы жас дарынды жігіттер қатысады.
Байқаудың жастардың бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, жастардың жеке тұлға ретінде жарасымды дамуына, шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету, ұлтжандылық сезімін ұштап, Отанына деген махаббатын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіру мақсатында өткізіледі.
Бес кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар ұлттық спорт түрлерінде (жамбы ату, аударыспақ, «Қазақша күрес», армлестлинг) күш дайындығын, сондай-ақ өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Байқау жеңімпаздары ұйымдастыру алқасының тағайындаған сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Өтетін күні мен орны:
06 қазан 2022 жыл, сағат 12.00
«Құлагер» ипподромы, Красный Яр ауылы

07 қазан 2022 жыл, сағат 16.00
«Көкше» мәдениет үйі, Красный Яр ауылы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика