spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетау жәрмеңкесінде 63 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталығында өткен жәрмеңкеде 63 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды. Сауда алаңына  Атбасар, Астрахан, Аршалы, Бурабай, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың, Целиноград аудандары мен Көкшетау қалаларынан 90-ға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші кәсіпкер қатысты.

Ауа-райының салқындығына қарамастан, қала тұрғындары таң атысымен орталық алаңға асықты. Мерекелік  көңіл-күймен өңір аграршылары тауарларының тұтас желісін ұсынды. Қала тұрғындарын  табиғи, экологиялық таза өнімдер, ең бастысы қолайлы баға қызықтырды.

«Бізді қызықтырғаны сапалы сиыр мен қой еті. Бағасы да қолжетімді, бұнда сиыр етінің бір килограмы 2000 теңге.  Күнбағыс майы да бар, 5 литрге 4 мың теңге. Жәрмеңкелер жиі өткізілсе жақсы болар еді. Қала тұрғындары үшін төмен бағамен сатып алуға, қысқа қор жинауға жақсы мүмкіндік», – деп атап өтті қала тұрғындары.

Көптеген ауыл шаруашылығы мамандары  тауарларын тез сатты. Ет өнімдері, картоп, күнбағыс майы үлкен сұранысқа ие болды. Мысалы, Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылының шаруалары етті санаулы сағат ішінде сатып үлгерді.

«Біз көбіне картоп пен ет өнімін әкелдік. Осы екі өнім халықтың мол сұранысына ие. Ауыл тұрғындары үшін бұл жәрмеңке өз тауарларын тез сатуға тамаша мүмкіндік. Халық  көбіне мал шаруашылығымен айналысады, сондықтан жәрмеңкелерді асыға күтеді, алдын ала дайындалады», – деді Егіндікөл ауданы Спиридонов ауылдық округінің әкімі, Жылқайдар Балахметов.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың айтуынша, жәрмеңкеде 66 миллион теңгеге өнім ұсынылған. Бұл халық үшін  әлеуметтік маңызы бар өнімдерді тиімді бағада сатып алу үшін жақсы мүмкіндік.

«Бұнда барлығы 28 тонна ет, соның ішінде жылқы еті, сиыр еті, қой еті, сондай-ақ құс еттері де әкелінді. 5 тонна сүт және 10 тонна картоп, шамамен 6 тонна көкөніс және 1 тонна  балық жеткізілді. Басқа да өнімдер ұсынылған. Барлығының бағасы нарықтық бағадан кем дегенде 15-20 пайызға төмен. Халықтың өзі де баға төмендігін растап отыр», – деді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов.

Өңір басшысы  Ермек Маржықпаев жәрмеңкені өткізу барысымен жеке танысты. Дүңгіршектер мен тауарлар желісін қарап шыққаннан кейін ол облыстың халқы мен аудан орталығында осындай іс-шараларды жиі өткізу қажеттігін тілге тиек етті.

«Енді біз бұл үрдісті  аудан орталықтарында қайталауымыз керек. Бұны біз бұрын да жоспарлаған едік. Халық үшін бұл өте маңызды. Жақында Зеренді ауданында төмендетілген бағамен әлеуметтік маңызы бар тауарлар дүкені ашылды. Мұндай дүкендерді барлық аудан орталықтарында ашу керек деп ойлаймын», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Жыл сайын ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өнімдерін қазан айында елордада өтетін екі жәрмеңкеде ұсынады. Сондай-ақ қараша және желтоқсан айларында облыс орталығында үш жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр.

 

 

Камила Әбделманова

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img