spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
12.7 C
Kokshetau

Ақмола облыстық филармониясында симфониялық оркестрдің концерті өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 4 қазан күні сағат 19.00-де солист, Халықаралық байқаулардың лауреаты Әсел Әбілсейітованың (фортепиано) қатысуымен симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Берік Сарыбай.
Лондондағы Корольдік Музыка академиясы мен Швейцарияның Базель қаласындағы Жоғарғы музыка мектебі магистратурасының түлегі Әсел Әбілсейітова қазіргі таңда Қазақстан мен Еуропа сахналарында өнер көрсетіп, концерттерін беріп жүр. Ал оқу оқып жүрген жылдары Джон О’Коннор, Паскаль Девойон, Евгений Судьбин, Саймон Кроуфорд-Филлипс сынды танымал музыканттардың мастер-кластарына қатысып, тәлім-тәрбие алды, Ян Шмольк, Левон Чилингирян, Максим Венгеровпен бірге жұмыс жасап, шеберлігін шыңдады, сонымен қатар британдық пианист Иэн Фоунтэйн басшылығымен Әсел Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Франция сахналарында өнер көрсетіп, үлкен концерттік тәжірибе жинақтады.
Филармонияның 76-концерттік маусымның ашылуы аясында Әсел Әбілсейітова симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен музыка өнерін бағалаушылардың назарына С.Рахманиновтың 3 бөлімнен тұратын Оркестрмен фортепианоға арналған №3 концертін ұсынады. Сонымен қатар оркестр А.Серкебаевтың «Шалқыма», Дж.Россинидің «Сорока-воровка» операсына арналған увертюраны көрермендеріне тарту етеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесті

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті – Биыл ауа райы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика