spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалықтарға мүлік салығын 1-қазанға дейін төлеу керек

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл сайын жеке тұлғалар 1 қазаннан кешіктірмей объектінің орналасқан жері бойынша өткен жылға мүлік салығын төлеуге тиісті. Бұл туралы «Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауы» тақырыбында өткен брифингте айтылды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі өзге де құрылыс нысандары, ғимараттар, үй-жайлар, жер учаскелері жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу жұмыстары 2022 жылдың 1 қазанында аяқталады.

«Салық кодексінің 527-бабына сәйкес, егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса,  сол тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші болып есептеледі. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша олардың арасындағы келісім бойынша меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады»,-деп толықтырды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы, Назгүл Аюпова.

Сондай-ақ, салықты есептеу кезінде салық кодексінің 526-бабында көрсетілгендей, мүліктің құны шектен аспаған жағдайда салық есептелмейтін азаматтардың санаттары:

Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен  марапатталған  адамдар – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде;, барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан; салықты есептеу 2021 жылға жүргізіледі, тиісінше есептеу 2021 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын АЕК бойынша жүргізіледі және 2917 теңгені құрайды. Бұл жағдайда шегті баға  2 917 000 теңгені құрайды.

Салық төлеушілердің әртүрлі санаттары үшін салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті: е салық Azamat, е салық E-salyq Business, мобильді қосымшаларын әзірледі.

Осылайша, салық azamat-та ЖСН көрсетіп, алдағы төлемдердің сомасын және қандай МКБ салықтарды төлеу қажет екенін білуге болады. Salyq bot-та қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес алуға да мүмкіндік бар.

.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img