spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облыстық филармониясында Хатимолла Бердіғалиевтің өнер кеші өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәстүрлі әнші, жыршы-термеші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевтің «Шырқал ән, төгіл дауыс» атты өнер кеші өтті.

Әнші, жыршы, термеші, айтыскер ақын, күллі қазаққа танымал өнер иесі Хатимолла Бердіғалиевті өнерді сүйген қазақтың білмеуі мүмкін емес. Батыс өңірінен ат терлетіп  Көкшетауға келген әнші кеш қонақтарының өнерсүйгіштігі мен мәдениеттілігіне тәнті болғанын білдірді

«Биылғы жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының 10 облысын аралауды мақсат етіп, осы жолда Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Ақан сері сынды ұлы тұлғалардың туған жеріне де келіп қалдық. Келушілер қарасы көп. Қуаныштымыз. Көкшетау жалпы қазақ ән өнерінің отаны деп білеміз. Дәстүрлі әнге деген халық сүйіспеншілігінің жоғалмағанына қуаныштымыз»,- деді дәстүрлі әнші  Хатимолла Бердіғалиев.

Хатимолла Бердіғалиев – кең вокалдық диапазоны бар, күрделі және қиын ән дәстүрі мен классикалық ән өнерінің ерекшеліктерін үйлестіретін табиғи талантқа ие өнерпаз тұлға.

Жастайынан таза өнерге бет бұрған, халқына танылып, ұлттық өнердің туын биікке көтеріп келеді. Оның кең диапозонды, әдемі де ырғақты дауыспен салған әндері тыңдаушы жүрегін еріксіз елең еткізіп, жүрегінен жол табады. Репертуары да өте бай. Көкше өңіріне келген әншінің өнерін тамашалауға сонау Шымқаладан да көмермендер келген екен.

«Бала күнімізден осы кісінің  репертуарындағы әндерді тыңдап өстік. Рухани құндыллыққа бай, мол тәрбие беретін дәстүрлі әндеріне ғашықпын. Ол кісінің шығармашылығын отбасымызбен жақсы көреміз. Осындай керемет мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысып, концертке келіп тұрмыз»,-деді кеш қонағы Нұрлықыз Бурбекова.

Өнер кешінде Хатимолла Жәңгірұлымен бірге «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші Қайрат Кәкімов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, классикалық бағыттағы әнші Айбар Хайрханов өнер көрсетті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img