spot_img
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
18.2 C
Kokshetau

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев Көкшетауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет алдындағы  айрықша міндеттердің бірі руханият кеңістігін ұлттық тәрбиемен астастырып, патриоттық идеялогияны қалыптастыру және қазақ даласындағы  дарынды дарабоздардың есімдерін дәріптеу арқылы төл өнерімізді қастерлеу. Осы ретте ұлтымыздың ән мұрасын дамыту,  Хатимолла Жәңгірұлы сынды  тұлғалардың өнердегі өнегелі жолын келешек ұрпаққа үлгі етуден бастау алады емес пе?

Хатимолла Бердіғалиевтің 70 жылдығына орай Қазақстан Республикасы бойынша 10 облысқа мамыр айынан тур басталған. «Шырқал ән, төгіл дауыс» республикалық турнесі Көкше өңіріне  жетпес бұрын, Қазақстанның 7 облысында болып, дәстүрлі әншінің шығармасына әбден шөліркеген халықты бір қуантты.  Арқаның кербез сұлу Көкшетауын қоспағанда, өнер делегаттары жыл соңына дейін тағы екі өңірге табан тіреуді жоспарлап отыр.

Жыршы-термешінің есімі алты алашқа мәлім болып, қай айтыста болмасын өзінің суырып салма ақындығымен, өткір де ұтқыр сөздерімен көрермен көңілінен шықты. 1991 жылы Оралда өткен әнші, сазгер сал Мұхиттың 150 жылдығы, 1992 жылы Сырым Датовтың 250 жылдығына арналған айтыстарда жүлделі I  орынды жеңіп алды. 1993 жылы Көкшетау қаласында өткен Ақан Серінің 150 жылдығы, сол жылы Қызылорда облысының, Жалағаш ауданында өткен Бұхарбай батыр, 1993 жылы Торғай облысында Шақшақ Жәнібекке арналған айтыстарда бас жүлдені иеленді.

Хатимолла Бердіғалиев 1991 жылы Құрманғазы саз колледжінде алғаш Мұхит класын ашып, дәріс берді. Шәкірттері облыстық, республикалық байқаулардың лауреаттары.

Қазақ радиосының алтын қорында Х.Бердіғалиевтің өнері туралы хабар және «Ел продюссерлік орталығында» жазылған 83 әні сақталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен Мәдениет Министрлігі шығарған «1000 ән» дискісінде Хатимолла Бердіғалиевтің орындауындағы 10 ән енгізілген.

Хатимолла Бердіғалиев республикалық және халықаралық деңгейде мәдениет пен ұлттық өнерімізді дамытуға қосқан үлесі, елеулі еңбегі үшін 1989 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері және 2010 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика