spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
12.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында кадрлық резерв құрылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы әкімдігінің жанынан аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері қатарынан облыс әкімінің кадрлар резерві құрылатын болады. Бұл елдегі алғашқы аймақтық жобалардың бірі. Негізгі мақсаты-көпфункционалды міндеттерді шешуге қабілетті және мемлекеттік басқару моделін іске асыру үшін қажетті құзыреті бар басшылар пулын қалыптастыру.

Конкурстық комиссияның құрамына облыс әкімі аппаратының және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалының өкілдері кірді.

Үміткерлердің жобалық жұмыстарын іріктеу кезеңі басталды. Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша 39 қатысушыдан 25 адам сұхбатқа жіберілді. Келесі кезеңде әңгімелесу және құзыреттерді бағалау жүргізіледі, оны үміткерлер Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оффлайн форматта өтеді.

 

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбек министрлігі АӘК-ті проактивті тағайындауда ЖИ-ні қолданады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) проактивті түрде тағайындау кезінде жасанды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика