spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Герника: «зорлық-зомбылықты сіз жасадыңыз ба?»

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде зорлық-зомбылық дегенге етіміз үйренген. Естігенде басымызды  бір шайқаймыз да, күл талқан болған бір тағдырды сол жерде қалдырамыз да, кетеміз. Сенесіз бе? Сіз осы мақаланы оқып  біткенше, бір адам жарық әлеммен қош айтысады. Әлемдік зерттеулерге сүйенсек, әр 7 минут сайын бір адам зорлық-зомбылықтың кесірінен қайтыс болады екен. Ал зардап шегіп, қиналып жатқандар қаншама?! «Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін-бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжымақ орнайтын шақ бола ма, жоқ па?» деген  Жүсіпбек Аймауытовтың сөзі еріксіз ойыңа оралады.

Мемлекет тарапынан шаралар мен заңдар күшейсе де, халық бұл мәселеге жіті назар аударса да, елімізде белең алып кеткен мәселенің бірі болып отыр. Сараптама деректері бойынша қалалық және ауылдық жерлердегі зорлық-зомбылықтың айырмашылығы бар. Жалпы зорлық-зомбылықтың себебі – адам психикасының бұзылуынан болса, ауылдық жерде осы салада маман табу қиынға соғады. Сол себепті де, зорлық-зомбылық ауылдық жерлерде көп кездеседі. Ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың басындағы деректері бойыншазорлық-зомбылықтың көбеуінің негізгі себептері:алкогольге немесе есірткіге тәуелділік, психологиялық аурулар, шамадан тыс агрессия; өмір сүру деңгейінің төмендігі, тұрақты табыстың болмауы, білімнің төмендігі;балалық шақта көрген зорлық-зомбылық кесірінен және гендерлік теңсіздік.

Сауалнаманың нәтижесі бойынша респонденттердің 55,9% негізгі себепті «жұмыссыздық» деп, ал 52,8% «жаман әдеттер: маскүнемдік, нашақорлық, құмар ойын» деп таныды.

Бір қызығы, Қазақстан – ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру түріндегі тұрмыстық зорлық-зомбылықүшін жазбаша ескерту түріндегі жаза қолданатын посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ел. Одан қалса қоғамдық жұмыстарға тарту және қамауға алудан әрі аспайды. Мысалы, АҚШ-тың Миннесота штатында кез-келген тұрмыстық зорлық-зомбылық, тіпті жай ғана ұру да – ауыр қылмыс саналады. Бірінші рет 90 күн қамау, екінші рет 1 жыл қамау, ал үшінші рет 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасыбекітілген.  Көптеген елдермен салыстырсақ, Қазақстандағы жазалау деңгейі – ең әлсізі болып отыр. Құқық бұзғаны үшін ауыр жаза болмайтынына көзі жеткендер, қылмысын ары қарай да жалғастыра береді. Заң әлсіз болса, қылмыстың  күшейе берері анық.

Ғаламдық ауқымда бұл мәселеге қоғамдық және ғылыми қызығушылық тек 1970 жылы пайда болды. Неліктен зорлық-зомбылық ұзақ уақыт бойы зерттеуден және саяси назардан тыс қалды? «Екі жастың ортасына есі кеткен түседі» демекші, зорлық-зомбылықтың өршуіне әрекетсіздік себеп болып тұр және қоғамда қалыптасқан нормалар да қаншама адамды құрдымға жіберді. Мысалы, Қазақстан әйелдері 15%-і күйеуінің өзіне қол көтеруге хақы бар деп ойлайды.ТіптіІІМ мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан.Өйткені қазақ қыз-келіншектерінде «ұят болады», «басқалар білмесін» деген ұяңды та кедергі болып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыпта Қазақстан халқына Жолдауында: «Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі қолдану, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданы­латын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет» деген болатын. Бұл Жолдаудан кейін, парламентте біршама депутаттар мәселені ортаға салып, талқылады. Бірақ 2 жыл өтті, әлі де дұрыс шешім мен заң шығарған жоқ.

Жыл сайын 1 миллиардтан астам бала (әлемдегі барлық балалардың жартысы) зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Зорлық-зомбылық балалардың психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер ететіні анық. Ақыр аяғында өз-өзіне қол салумен де аяқталып жатады. Мына деректер сізді ойландыруы қажет:

  • Бүкіл әлемде кез-келген уақытта 750 000 адам жыныстық мақсатта онлайн режимінде балалармен байланыс орнатуға тырысады;
  • Қазіргі уақытта балалар адам саудасының объектісінің 30 %-ын құрайды;
  • Мүгедек балалар басқа балаларға қарағанда 4 есе көп зорлық-зомбылыққа ұшырайды;
  • 11-15 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 3,1-, айына 1 рет құрдастарының қорлауына ұшырайды;
  • Бүкіл әлемде 2-4 жас аралығындағы 300 миллионға жуық бала тәрбиешілері тарапынан жәбір көреді;
  • 5 жасқа дейінгі әрбір төртінші бала жақын серіктесінің зорлық-зомбылық құрбаны болған анасымен тұрады;
  • 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы физикалық зорлық-зомбылықтың 20%-ынқұрайды, ал жасөспірімдер арасындағы жыныстық зорлық-зомбылықтың таралуы 9% құрайды.

«Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат сияқты қылмыстар өше берудің орнына өсе берсе, сол қылмыстардың бәрі де басқарушылардың өз бастарында болғаны!» деген Ғабит Мүсіреповтың сөзінің де жаны бар. Зорлық-зомбылық тек тұрмыстық жағдайда емес, қоғам ішінде де көп екені қынжылтады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img