spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Көмірді шетелге көлікпен шығаруға уақытша шектеу қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Шектеу көрші елдерге көмір шығару оқиғалары көбейген соң енгізілді»,-деп хабарлайды informburo.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ел шекарасы аумағынан көмірді автокөлікпен шығаруға уақытша шектеу қойды.

«Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр» делінген министрліктің хабарламасында.

Ведомствоның бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.

 

Фото: informburo.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img