spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында тілдер мерекесіне орай әр ауданда 200-ге тарта іс-шара ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Жыл сайын өткізілетін тілдер мерекесінде Ақмола облысы биыл да ерекше белсенділік танытып отыр. Облыстың әр ауданы мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру мақсатында көптеген іс-шара өткізіп келеді. Ұлт ұстазы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған оқулар мен білім сайыстары жоғарғы деңгейде өтіп, қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуына қосқан Ахаңның ерең еңбегін жас ұрпақ бойына сініре білді деп есептейіз.

Әдеби-мәдени шаралармен қоса Ақмола облысының орысша атау берілген елді-мекендерін  қазақшаландыру үрдісі де қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, Біржан сал ауданына қарасты 35 елді мекен бар,  оның 26-сына қазақша атау берілген, 9-ы орыс тілінде.  193  көшенің  132-сі  қазақша болса, 61-і орысша атауға ие.

Зеренді ауданы бойынша  5 елді мекеннің атауы және 30-дан астам құрамдас бөліктері ұлттық танымға сәйкес қайта аталды. Сонымен қатар, жергілікті халықтың қалауымен Симферополь және Уголки, Еленовка ауылдарында жергілікті қоғамдастықтың жиыны өткізіліп, жиын қорытындысы бойынша Симферополь ауылы Тұран ауылына, Уголки – Орманды ауылына және Еленовка ауылы Самалтау ауылына қайта атау туралы шешім қабылданды.

Ал, Көкшетау қаласының  21 көшесі және Красный Яр тас жолындағы саяжайларға қарама-қарсы орналасқан жерге «Құлагер шағын ауданы» атауын беру туралы ұсыныс  Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысына сәйкес, облыстық мәслихат сессиясында қаралып, әділет департаментінде тіркеуден  өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  тапсырмасына сәйкес, идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атаулары 2022 -2025 жылдарға арналған «Жол картасына» сәйкес Көкшетау қаласының 18 көшесі мен 3 саябағын қайта атау жұмыстары бастау алып, қалалық мәслихат сессиясында қарастырылды.

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстар әлі де қарқынды жалғаса бермек. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»,-деп халқымыз бекер айтпаса керек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img