spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр азаматтың міндеті

Сондай-ақ...оқыңыз

Осындай келеңсіз құбылыстармен жұйелі күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық азаматтардың парызы. Мұндай ауыр кеселді мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен және бүкіл ел, коғам болып қолға алу арқылы тоқтатуға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жастардың тәрбиесіне сіңіру қажет. Жоғарыдааталған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 9-бабына сай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызмет екені нақтыланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, білім беру ақпарат және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асырылуға тиіс.

Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.

Сол себепті әрбір Қазақстан Рес­публикасының азаматы сыбайлас жем­қор­лыққа жол бермеуге міндетті.

 

 

Ақмола облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының  сот приставы

Сырымбет Шарафиденұлы Әлібеков

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img