spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қосшы қаласында жаңа мектеп ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Балалар жылы» аясында және Білім күніне орай Қосшы қаласында тағы бір мектеп пайдалануға берілді. Бүгін Елорданың маңындағы қарқынды дамып келе жатқан қаланың Желтоқсан көшесінде жаңа ІТ мектеп-лицейі өз есігін айқара ашты.

Заманауи білім ордасы 1200 орынға арналған. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа IT мектеп-лицейі заман талабына сай бой көтерді. Балаларды сапалы білім, саналы тәрбиемен қамтуға барлық мүмкіндік жасалған. Жаңа модификациялы кабинеттерден бөлек 667 орынды акт залы, 384 орынды кең асханасы, 5 компьютер кабинеті, 6 лингафон кабинетімен жабдықталған.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына Ақмола облысы маслихатының хатшысы Талғат Жүнісов, облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов және Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов қатысып, оқушылар мен ұстаздарды қуаныштарымен құттықтады.

Айта кету керек, жаңа мектептің қолданысқа берілуі оқушы орындарының тапшылығын 77% – ға төмендетуге мүмкіндік берді. Биыл ІТ мектеп-лицейінде 2000-ға жуық оқушы екі тілде білім алатын болады. Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 287 оқушы қабылданған. Балаларға білім беретін 56 педагогтің 10 педагогі «Жастар практикасы» аясында 2021-2022 жылдары оқу аяқтаған жас мамандар.

Сонымен қатар, Қосшы қаласында жыл соңына дейін 1200 орындық тағы бір мектепті іске қосу жоспарланған. Бұл мектеп 4,6 мың бала оқитын «Лесная поляна» тұрғын алабында орналасқан негізгі мектепке жүктемені азайтады. Келесі жылы тағы 2 мектеп іске қосылады, олардың біреуі жеке инвестициялар есебінен салынуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img