spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Қыркүйек айында ашық аукцион өткізіліп, Көкшетауда ЖЭО салатын инвестор анықталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі  Болат Ақшолақов Көкшетауда өткен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында мәлімдеді.

«Көкшетауда жылумен қамтамасыз ету өзекті мәселе.  Жұмыс істеп тұрған аудандық қазандықтардың қуаты жеткіліксіз. Бүгінгі таңда жылу қуаты 520 Гкал/сағ  құрайтын К өкшетау ЖЭО-да құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Станцияның құрылысы қолайлы инвестор табылғаннан кейін бірден басталады», – деп хабарлады Болат Ақшолақов.

Облыстағы жылумен жабдықтаудың негізгі көзі Степногорск ЖЭО және «Көкшетау Жылу» МКК қазандықтары. Олардың белгіленген жиынтық қуаты 1,6 мың Гкал/сағ, ал қолда бар 1,1 мың Гкал/сағ.

Степногорск ЖЭО-ның орташа тозуы 76% – ды, ал «Көкшетау Жылу» МКК қазандық жабдығының орташа тозуы 63,1% – ды құрайды.

Баспасөз конференциясы барысында Министр Степногор қаласында жылумен жабдықтау проблемаларын шешу жоспарланып отырғанын айтты.

«Біз электр қуаты мен жылу өндіретін шағын қазандықтарды, станцияларды орнатуды ұсындық. Бүгінгі күні мәселе Ақмола облысының әкімдігімен келісілді. Құзыретті органдар электр және жылу жүктемесін есептейді. Біз жүктеме туралы ақпаратты күтеміз, осыған сүйене отырып, жылу және газдандыру мәселесі бойынша одан арғы іс – қимылдарға қатысты шешімдер қабылдайтын боламыз», – деп хабарлады министр.

Бүгінде қала белсенді дамып келеді, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде, көп қабатты құрылыстары бар жаңа кварталдар, кәсіпорындар мен әлеуметтік сала объектілері бой көтеруде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img