Нұр-Сұлтан қаласына дейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу жобасының 1-кезеңі аясында Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарын газдандыру мүмкіндігі бар.
Жалпы, бүгінгі таңда Ақмола облысын газдандыру 2 кезекке бөлінген.
20 елді мекенді газдандыру үшін 13 жобадан тұратын газдандырудың 1-ші кезегіне облыс әкімдігі ЖСҚ әзірледі.
2020-2021 жылдар кезеңінде облыс әкімдігіне 8 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 6,4 млрд.теңге бөлінді.
Аталған жобалар бойынша 2021 жылы 14 елді мекенді газдандыруды көздейтін құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталды, бұл 9 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (Аршалы ауданы – Волгодоновка, Қойгелді а., 42 разъезд, Берсуат, Байдалы, Анар, Донецк, Арнасай, Бабатай, Ақбұлақ, Ақтасты, Түрген, Ижевск, Шөптікөл).
Түрген, Анар және Донецк елді мекендеріне табиғи газды беру жүргізілді.
Табиғи газды қалған елді мекендерге беру газбен жабдықтау объектілерін сенімгерлік басқаруға бергеннен кейін қамтамасыз етіледі.
2022-2023 жылдарға әкімдікке республикалық бюджеттен 9,3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат көзделген. Осы қаражатқа қосымша 6 елді мекенді – Аққайың, Шұбар және Қоянды (Целиноград ауданы) және Аршалы, Жібек-Жолы және Жалтыркөлді (Аршалы ауданы) газдандыруды аяқтау жоспарлануда, бұл жобалар шамамен 26 мың адамды газбен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Энергетика министрі қазіргі уақытта әкімдік Целиноград ауданының 9 елді мекенін (Қосшы қаласы, Ақмол, Талапкер, Тайтөбе, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Қараөткел, Қаражар ауылы, «Нұрлы» ӨК.) газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатқанын атап өтті.
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, мемлекеттік сараптама алудың болжамды мерзімі – ағымдағы жылдың 3-ші тоқсаны.