spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында Конституция күні аясында 100-ден аса ауқымды іс-шара өткізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу еліміздің негізгі Заңына еңгізілген түзетулер бойынша табысты өткізілген референдум аясында ерекше идеологиялық маңызға ие. Референдумда Ақмола облысы қатысу бойынша ең жоғары көрсеткіштерді көрсетті.

Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Конституция күні аясындағы тақырыптық іс-шаралар мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес өтуде.

«100-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Оның 10-нан астамы негізгі іс-шаралар. Атап айтқанда, спикерлер ретінде заңгерлерді, құқықтанушыларды, саясаттанушыларды, үкіметтік емес ұйымдар мен сараптамалық қоғамдастық өкілдерін тарта отырып, «Конституция және қоғам мен мемлекетті жаңғырту» ғылыми-практикалық конференциясы, Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты жаңа саяси реформалардың перспективаларын талқылау бойынша «Ата Заң – айбыным» дөңгелек үстелі, «Үздік балалар» облыстық байқауы,«Туған жерім» облыстық эссе байқауы, «Бояулар құпиясы»жас суретшілердің облыстық байқауы. Фондық іс-шаралар арасында «Ата заң – тәуелсіздіктің негізі» мұражай сабақтары, «Конституция – келешек кепілі!», «Сәлем саған, туған жер» патриоттық әндер байқауы,«Ата заң – адам құқығының тірегі» ақпараттық көрмелері, көшелік викториналар, челлендждер, әлеуметтік желілердегі экспресс-сауалнамалар, конкурстар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының алаңдары базасында зияткерлік ойындар ұйыдастырылады»-, деп мәлімдеді Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, Алтынай Әмренова.

Кешегі күні, 26 тамызда облыс орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді, оның аясында өңірдің көрнекті тұлғаларын, ардагерлерді құттықтау, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Алғыс хаттармен марапаттау, 3 номинация бойынша «Еңбек жолы» облыстық конкурсының, «Мерейлі отбасы-2022»ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау өтті, 7 номинация бойынша «Ақмола облысының үздік еріктісі» жобасының жеңімпаздары мараптталды. Осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандары мен қалаларында өңірлердің бірінші басшыларының қатысуымен өткізілді.

Осы күндері Бурабайда қазақстандық әртістердің қатысуымен Open air «Burabay – 2022» өткізілуде. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарында Конституция күнін мерекелеудің идеологиясын, азаматтардың құқықтарына конституциялық кепілдіктерді түсіндіру мақсатында кездесулер өткізілген.

«Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылған нысандар: Қосшы қаласында 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп және ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана, Қорғалжын ауданының Сабынды ауылындағы жеке меншік балабақша, Астрахан ауданының Лозовое ауылындағы мектеп (күрделі жөндеуден кейін), Жақсы ауданының Жақсы ауылындағы 18 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға беру, мектеп жанынан инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталықтың ашылуы, Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Н.Крупская, Ерейментау қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені»-, деп толықтырды Алтынай Әмренова

Жалпы, Конституция күнін мерекелеу қазақстандық қоғамды Тәуелсіздік құндылықтары төңірегінде топтастыруға, қазақстандықтардың жаңа, әділ Қазақстан құру идеясына азаматтық қатыстылық сезімін нығайтуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img