spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылғы 26 тамызда Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу барысында Болат Ақшолақов осы өңірдің отын-энергетикалық кешенінің ағымдағы жағдайы туралы айтып берді.

Мәселен, мұнай өнімдері бөлігінде, ағымдағы жылғы шілдеде Министрліктің бұйрығымен АИ-80, 92-93 бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ дизель отынына шекті бағаларды мемлекеттік реттеу сақталды.

Ведомство басшысы жанар-жағармай нарығын реформалау үшін қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ дизель отынының бағасын саралауды көздейтін бұйрықты қабылдау туралы айтты, атап айтқанда азаматтар үшін – жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 100 литрге дейін және жүк, арнайы автокөлік техпаспортын ұсынған кезде – 300 литрге дейінгі көлемде 230/260 теңге бағамен беріледі. Белгіленген көлемнен асып кетсе және транзиттік көлік үшін баға 1 литр үшін 450 теңге болады.

Энергетика министрінің ақпараты бойынша, бүгінгі күнітаңда күзгі жиын-терін жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына мұнай өңдеу зауыттарында 1 тоннасы үшін 222 мың теңге (184 теңге/литр) бағасы бойынша 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, бұл бөлшек сауда бағасынан өңірге байланысты орта есеппен 15-25% – ға төмен. Ақмола облысы үшін 83 мың тонна дизель отыны немесе ел бойынша барлық көлемнің 5-ші бөлігі көзделген.

Ақмола облысын газдандыру бойынша 2022-2023 жылдарға әкімдікке республикалық бюджеттен 9,3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат көзделген. Осы қаражатқа қосымша 6 елді мекенді – Аққайың, Шұбар және Қоянды (Целиноград ауданы) және Аршалы, Жібек-Жолы және Жалтыркөлді (Аршалы ауданы) газдандыруды аяқтау жоспарлануда, бұл жобалар шамамен 26 мың адамды газбен қамтамасыз етеді.

Ақмола облысы үшін сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың соңына дейінгі мерзімде 1 литрге 70 теңге мөлшерінде бекітілді.
Энергетика министрлігі өндіруші зауыттардың шығындарын ішінара өтеу мақсатында шекті көтерме сауда бағасын 1 тоннасына 33 600 теңге (19,7 теңге/литр) деңгейінде бекіту туралы шешім қабылдады.

Энергетика министрінің айтуынша, бүгінгі таңда жылу қуаты 520 Гкал/сағ құрайтын Көкшетау ЖЭО салу қарастырылуда.

Бұл бүгінгі таңда қаланың белсенді дамып келе жатқандығына, тұрғын үйдің жоғары қарқынмен салынуына, көп қабатты құрылыстары бар жаңа кварталдар, кәсіпорындар мен әлеуметтік сала объектілерінің пайда болуына байланысты.

Ақмола облысында электр энергетикасы бөлігінде электр қуаты 240 МВт құрайтын Көкшетау қаласында ЖЭО салу жоспарлануда.
Құрылыстың жалпы құны – 239 млрд. теңгеден астам.

Ақмола облысында жалпы қуаты 287 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 9 объектісі бар, оның ішінде қуаты 187 МВт 7 жел электр станциясы және қуаты 100 МВт-тан астам 2 күн электр станциясы бар.

Бұдан басқа, 2025 жылға дейін жиынтық қуаты 266 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 9 объектісін қосымша іске қосу жоспарланған, – деп түйіндеді Энергетика министрі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img