spot_img
Сенбі, Мамыр 31, 2025
29.2 C
Kokshetau

Еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылғы 26 тамызда Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Ақмола облысына 83 мың тонна дизель отыны немесе ел бойынша барлық көлемнің 5-ші бөлігі қарастырылғанын хабарлады.

Ағымдағы сәтте дизель отынын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына тиеп-жөнелту график бойынша жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні күзгі жиын-терін жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына мұнай өңдеу зауыттарында 1 тоннасы үшін 222 мың теңге (184 теңге/литр) бағасы бойынша 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, бұл өңірге байланысты бөлшек сауда бағасынан орта есеппен 15-25% – ға төмен.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу нарығын реформалау бөлігінде мынадай шаралар пысықталуда:
– байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, жанар-жағармай материалдарға деген қажеттілігін көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;
– отын тарату үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мұнай базаларынан немесе ресурс ұстаушылардан мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.

 

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

фото: life09.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика