spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
9.7 C
Kokshetau

Конституция күні қарсаңында 12 ақмолалық мемлекеттік қызметші ант қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеу аясында Ақмола облысының мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау салтанатыөткізілді.

Барлығы облыста осы күні сынақ мерзімінен сәтті өткен 12 маман ант қабылдады. Олардың әрқайсысы, мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өздерінің биік жауапкершілігін сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халқына адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етті.

Ант қабылдау рәсімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сияқты үлкен мейрам қарсаңында өткені айрықша мәнге ие. Себебі бұл рәсімнің ерекше жауаптылығын және салтанаттылығын көрсетеді.

Халыққа адал әрі кәсіби қызмет етуге уәде берген тұлғалар арасында – Сүлейменов Ілияс Дулатұлы да бар. Жуырда ол Ақмола облысы Қазынашылық департаментінде персоналмен жұмыс істеу бөлімінің бас маманылауазымына тағайындалған.

Жалпы мұндай ант беру рәсімдері осы күні облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердегі түрлі мемлекеттік органдарда да өтті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика