spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

Көкшетауда Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға өңір басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, «Мерейлі отбасы», «Еңбек жолы» облыстық байқауларының жеңімпаздары мен өз мамандығына адал, еңбекқор мамандарды марапаттады. Құттықтау сөзінде облыс әкімі өңірдің қарқынды дамуы мен Республикалық аренадағы Ақмола облысының белді орында екенін атап өтті.

«Биылғы жылдың 7 айының қорытындылары бойынша біздің облыс әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштерін орындады деп нық сеніммен айта аламыз. Облыстағы өнеркәсіп секторы маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек. Өңірдегі кірпіш өндірісінің үлесі 30 пайызға жетті. Яғни, елімізде өндірілетін әрбір кірпіштің ақмолалық тіркеуі бар. Қазан айында біз Бұланды ауданындағы құс фабрикасының үшінші мекемесінің құрылысын аяқтаймыз. Онда жылына 100 мың тонна құс етін өндіретін боламыз. Бұл Орта Азиядағы ең ірі фермалардың бірі болмақ. Жыл соңында біз алғашқы өнім нәтижесін көретін боламыз. Жалпы, өнеркәсіп дамуы аймақ өркендеуінің драйвері»-, деп мәлімдеді Ақмола облысының әкімі, Ермек Маржықпаев.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен өз саласының озығы деп танылған мамандар марапатталды. Бұлар: ақ халатты абзал жандар, ұлағатты ұстаздар, еңбегі елеулі құқық қорғау органдарының қызметкелері және әскерилер. Олардың қатарында жуырда ғана бірегей операция жасаған  ақмолалық медицина қызметкерлері де болды.  Дәрігерлер командасының табысты және кәсіби жұмысының арқасында Щучинск қаласының кішкентай пациентті бір өлімнен аман қалды.

Сонымен қатар, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары естелік дипломдар мен ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бас жүлде мен 500 мың теңге сомасындағы сертификатты Ақкөл ауданыннан Бөжен Құрметбектің отбасы қанжығасына байлады.  Бөжен Құрметбектің жұбайымен  отасқандарына – 35 жыл. Шаңырақтарында–  5 ұл бала,  9 немере бар.

Ақмолалық сала үздіктері диплом мен бағалы сыйлықтардың иегері атанды.  Олардың ішінде ең үздік еңбек әулеті Еркебұлановтардың, Степногорск қаласынан ең үздік тәлімгері Анатолий Воробьев және Макинск қаласының ең үздік жас қызметкері Байшуақов Нұрқасым бар. Олардың барлығы жас ұрпақты еңбекқорлыққа және өз кәсібіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Әдемі кеш әуезді ән мен Көкшетаулық таланттардың өнерін тамашалаумен жалғасын тапты.

 

Камила Әбделманова

Фото: Айбек Даньяров

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img