spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

Ақмола облысында сотталғандардың мәселелері жедел шешілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы екі жылда сотталғандардың өтініштерінің өсу мәселесі Ақмола облысы прокуратурасының ерекше бақылауында болды.

Осылайша, сотталғандар мен олардың туыстарының мәселелерін жедел шешу мақсатында, облыс прокуратурасы мекемелерге өтініштер бойынша алгоритм мен жадынамалар дайындап, жолдады.

Алгоритмге сәйкес, қадағалаушы прокурорлар күн сайын сотталғандарға жеке қабылдауды жүргізеді, апта сайын сотталғандардың өтініштері бойынша мекеме басшыларының тыңдауын жүргізеді.

Мекеме бастықтарының кезекші көмекшілері күн сайынғы тексеру барысында қадағалаушы прокурорға бейнежазба ұсына отырып, мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне не әрекетсіздіктеріне шағымдардың бар-жоғы тұрғысынан бейнетіркегіштерді пайдалана отырып, сотталғандарға сауалнама жүргізеді.

Бүгінгі күні Ақмола облысының прокуратурасы қабылдаған үйлестіру шараларымен жергілікті жерлердегі мекемелердің әкімшіліктері сотталғандардың шағымдарын, олардың заңды талаптарын қанағаттандырумен белсенді түрде шешуге қол жеткізді деп айтуға болады.

Бұл ретте, сотталғандарға арналған арнайы жадынама мекемелердің барлық жасақтарында, көпшілік көретін орындарда орналастырылған.

Сондай-ақ, жергілікті жерлерде мекемелердің әкімшіліктері тарапынан да, аумақтық прокурорлар тарапынан да толыққанды түсіндіру жұмыстары, адвокаттарды, туыстарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, 2022 жылдың 7 айында қабылданған шаралармен сотталғандардың жергілікті жерлердегі өтініштерін шешу айтарлықтай жақсарды. Нәтижесінде прокуратура органдарына ғана емес, сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне де түскен өтініштер саны үштен бірге азайды. Мекеме әкімшіліктерімен сотталғандардың шағымдарын жасыру фактілеріне жол берілген жоқ.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img