spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Биыл өңірде егін мол шықты»-, Еркеш Әленов

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірде биылғы жылғы егістіктің жалпы ауданы 5,2 млн.га құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 210,5 мың га жоғары, оның ішінде 4,6 млн. га алқапта дәнді-бұршақты дақылдар егілді.

Дәлірек айтар болсақ, майлы дақылдар-366,5 мың га, азықтық-206,7 мың га, картоп – 17,4 мың га, көкөніс-2,7 мың га жерге егілді.  Қазіргі уақытта облыс диқандары егістіктерді арам шөптерден, зиянкестерден, өсімдік ауруларынан қорғау бойынша барлық іс-шаралар кешенін өткізді.  Бүгінгі күні астық жинау комбайндарының, білікті дестелегіштердің, механикаландырылған токтардың және астық кептіргіштердің дайындығы 100% – ды құрайды.

«Егін жинауға 8,7 мың бірлік астық жинайтын техника жұмылдырылған. Қосымша 43,7 млрд. теңге сомасына 1614 бірлік қажетті құрылғылар сатып алынды.  Астық қоймалары бойынша шаруашылықтарда 7 млн.тонна астықты (элеваторлық – 3,1 млн. тонна және қоймалық – 1,6 млн. тонна) сақтау үшін қосымша мүмкіндік жасалды. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы құрылымдарында көлемі шамамен 2,3 млн.тонна астық қоймалары бар»-, деп мәлімдеді Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары, Еркеш Әленов.

Бүгінде облыс бойынша дәнді дақылдарды жинау жұмыстары басталды. Полигонға 319,3 мың га шабылды, 269,0 мың га бастырылды.

Күзгі-далалық жұмыстарды сәтті өткізудің маңызды құрамдас бөлігі жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі.  Ақмола облысында 2022 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 83.0 мың тонна дизель отынының кепілдендірілген көлемі бөлінді.

Ағымдағы жылдың 24 тамызындағы көрсеткін  бойынша 38,7 мың тонна немесе жалпы көлемнің 46,6% тиелді. 2022 жылдың күзгі-далалық жұмыстарына жанар– жағармайды орталықтандырып жеткізу үшін аудан әкімдерінің өтінімдері бойынша 15 оператор және ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының 3 дербес операторы анықталды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img