spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында жылыту маусымына дайындық  қарқынды жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментімен жүктелген міндеттерге сәйкес жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылдың 15 тамызынан бастап жылыту кезеңі қарсаңында облыс бойынша тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі бір ай бойы тексеріледі. Халықты өрт қауіпсіздігі шараларына және пеш, электр күшімен  жылыту құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларына және өрт туындаған жағдайда жасалуы тиіс әрекеттерге оқыту жұмыстары жасалуда. Түсіндіру-тексеру  жұмыстары  мүдделі қызметтерді тарта отырып, аулаларды, пәтерлерді аралау барысында жүргізіледі.

«Департамент жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімдерін жасап, қолдау қажет ететін отбасылырмен, адамдармен жұмыс жүргізеді.  Бұл тізімге 6 мыңнан астам адам енгізілді. Нұсқама жүргізу кезінде эвакуациялау жолдарының, көп пәтерлі тұрғын үйлердегі жалпы пайдалану орындарының жай-күйіне ерекше назар аударылады. Отынды сақтау, қазандықтар мен өзге де жылу өндіргіш қондырғыларды дайындау режимін сақтау , пештерді, жылыту құрылғыларын пайдалану қағидалары түсіндіріледі»-, деп мәлімдеді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары, Әсет Тұрсынбайұлы.

2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 3 345 улы газды ерте анықтау датчигі орнатылды. Ал , биыл  жыл басынан бері 650 датчик орнатылды. Жұмыс әлі де қарқынды жүргізілуде.

Бұқараға өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстары  жыл сайын жүргізіледі. Соған қарамастан, өткен жылдың жылыту кезеңінде облыста 356 өрт  оқиғалары тіркелген. Олардың материалдық шығыны 45 млн.306 мың теңгені құрайтын көрінеді.

«Өрттің негізгі  шығу себебі пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Өткен жылыту кезеңінде өрттің қауіпті факторларынан 17 адам қаза тапты , оның біреуі кішкентай бүлдіршін. Сондай-ақ, өрт салдарынан 7 адам жарақат алды , улы газбен 3 адам уланған»-, деп толықтырды спикер.

Жылыту маусымына ерекше жауапкершілікпен дайындалу қажет. Әсіресе, жер үй тұрғындары пештерін, үйдегі электр сымдарын жақсылап тексеруі шарт. Жалпы адам баласы өзінің де, өзгенің де қауіпсіздігі үшін қарапайым ережелерді ұстанған  жөн.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img