spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда ұстаздардың облыстық тамыз форумы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында білім беру саласын дамытуға оң өзгерістер еңгізіліп, өңір төңірегіндегі білім беру мекемелерін қолдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы педагогтардың жыл сайын өтетін дәстүрлі облыстық тамыз форумында баяндалды. Жаңа оқу жылына қойылатын жоспарлар талқыланып, облыс әкімі тарапынан бірқатар тапсырмалар жүктелді. Оқу-ағарту вице-министрі, Айбат Ильясов қатысып, облыстағы білім беру жүйесінің қарқынды дамуына қосқан ұстаздардың ерең еңбегін тілге тиек етті.

«Өңірде білім беру саласын дамытуға бағытталған бірталай жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жалғасатын болады. Облыста 20 мыңнан астам білікті педагог мамандар шәкірт тәрбиелеп отыр»-, деп толықтырды облыс әкімі, Ермек Маржықпаев.

Биыл жаңартылған оқу бағдарламасына көшудің соңғы жылы. Жаңа оқу жылында 11-сынып жаңартылған бағдарламамен оқитын болады. Осыған орай, 11-шы сынып оқушыларына жаңа оқулықтар сатылып алынды. 1-қыркүйекке дейін барлық шәкіртер оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Орта білім беру саласындағы басты жаңалықтың бірі – Мемлекеттік стандартқа өзгеріс енгізіліп, келесі оқу жылында 1-ші сыныптарға 1-2 тоқсанда «Әліппе», 3-4 тоқсанда «Ана тілі» оқытылатын болады.

«Жаңа оқу жылында  облысымыздың мектептеріне 132 мыңнан астам оқушы келеді, олардың 15 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 554 мектеп, саны аз контингенті бар 311 шалғайдағы мектеп жаңа оқу жылын штаттық режимде, ал, 243 мектеп қашықтықтан оқытуды бастайды деп жоспарлануда. Бұл ретте, осы мектептердің бастауыш сыныптарында ата-аналардың өтініші бойынша құрамы 15 оқушыдан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады»-, деп хабарлады облыстық білім басқармасының жетекшісі, Бейбіт Жусупов.

Облыстық бюджет тарапынан оқу-ағарту ісіне үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын жоғарыда да айттық. Айталық, бүгін өңір басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудандардың білім бөлімдеріні басшыларына жаңа мектеп автобустарының кілтін салтанатты түрде табыс етті. Жаңа автобустар барлық заманауи талаптарға сай, қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп рюкзактарына арналған стеллаждар бар. Ерекше күтім қажет ететін балаларға арналған арнайы  орындар және көлікке арбамен кіруге арналған механизм жұмыс істейді.

Ақмола облысына арналған бұл автобустарды лизингтік бағдарлама бойынша сатып алуға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы бөлді. Техниканы өндіруші QazTehna ЖШС. Айта кетейік, бүгінгі күні балаларды мектепке жеткізу үшін 188 бірлік автокөлік құралдары жұмылдырылған, оның ішінде 121 – автобус және 67 – мектеп көлігінің газелі бар.

 

«Алынған техниканың арқасында ауыл мектептерінің оқушылары көптеген спорттық жарыстарға, ғылыми олимпиадаларға және облыстың барлық мәдени іс-шараларына қатысуға мүмкіндік алады», – деп толықтырды облыс әкімі.

Форум соныңда облыстың еңбек сіңірген ардагер ағатушы-ұстаздары медальмен марапатталып, алғыс хаттар табысталды.  Ағарту ісінде ерекше жетістіктерге жеткен мамандарға қаржылай сертификаттар берілді. Сондай-ақ, «Орта білім берудің үздік ұйымы» байқауының қорытындысы бойынша облыстық комиссияның шешімімен Сәкен Жүнісов атындағы Көкшетау қаласының № 18 мектеп лицейі бас жүлдеге ие болып, 22 млн теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал, «Техникалық және кәсіптік орта білім мен интер білім беретін үздік ұйым» облыстық сайысы бойынша комиссия шешімімен Көкшетау қаласындағы «Құрылыс-технологиялық колледжі» бас жүлде иегері болып, 20млн теңге көлеміндегі сертификатпен олжалы болды.

 

Камила Әбделманова

Фото: Айбек Даньяров

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img