spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
13.1 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының аумақтық кезеңінің жеңімпазы анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының аумақтық кезеңі аяқталды. Бұл байқаудың мақсаты – жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді-мекендердің дамуына зор үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде байқаудың өңірлік кезеңінің қатысушылары ауылдық елді-мекендерде өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғап, экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді боларлықтай ауылды тұрақты дамыту ұсыныстарын енгізді.

Үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған аумақтық комиссия мүшелерінің пікірінше, ұсынылған жобалардың барлығы ауыл халқының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандықтан тиімді және жүзеге асыруға тұрарлық.

Департамент басшысы Думан Әбілев ауыл әкімінің халықпен тікелей байланыста болатын адам екенін, ал оның жұмысының басты бағыты – халықтың әл-ауқатын жақсарту, өзекті мәселелер бойынша уақытылы әрі сапалы шешім қабылдау болып табылатындығын атап өтті.

Конкурстық комиссияның шешімімен жобаларды қарау қорытындысы бойынша Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының әкімі Саухимова Сәуле Төлегенқызы жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге ұсынылды.

Сәуле Саухимованың жобасы мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары және басқа да еріктілер қатарынан «Заманауи ауыл» еріктілер қозғалысын құруға бағытталған. Бұл қозғалыстың мақсаты ауылда қолайлы өмір ортасын құру, ауылды көркейту, патриоттық сана-сезімді тәрбиелеу болып табылады.

Байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпазы 2022 жылғы 20 қазанға дейін анықталатын болады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика