spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Табысқа апарар жол» NIS-тен басталады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» атты бірінші республикалық жас мұғалімдер форумы өз жұмысын тәмамдады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова форум қатысушыларын өзінің табысты және шығармашыл әріптестері ретінде атай алатынын мақтанышпен жеткізді:

– Біз, ұстаздар, болашақ премьер-министрлер мен президенттерді, ұлт қаһармандары мен әлем жұлдыздарын, ең бастысы, нағыз патриоттар мен бақытты адамдарды кездестіріп, оқытамыз. Бүгінде еңбек жолын бастаған әрбір жас маман өз өмірін мектепке, балаларға арнайды.

Республикалық форум жас мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған NIS-тің ауқымды жобасын жалғастырды. Идеяның өзі жас ұстаздардың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесуден кейін туған.  Елордада, Өскеменде, Қарағандыда, Алматыда, Павлодарда, Қостанайда бірқатар кейс-сессиялар өтті.

– Технология мен экономиканың қарқынды дамуы білім саласына қуатты серпін береді.  Бүгінгі таңда мұғалімдердің заман талабына сай болуы бұрынғыдан да маңызды.  Мұғалім – қашан да сұранысқа ие мамандық, сондықтан оның даму траекториясы жеке, бірақ әрқашан әлемдік білім беру тенденцияларына сай болуы керек, – деп педагогтердің кәсіби дамуы мен мамандықтың логикалық эволюциясының ерекше маңыздылығын Күләш Шәмшидинова атап өтті.

TEDTalk-те форумға қатысушылар мотивациялық спикерлерді ыстық ықыласпен қарсы алды,  жас ұстаздар алдында өз кәсібінде табысқа жеткен беделді қазақстандықтар сөйледі.

Ұлыбританиядан NIS-пен ұзақ уақыттан бері табысты ынтымақтастық орнатқан Кембридж университетінің білім беру факультетінің өкілі Элейн Уилсон жас оқытушылар қатарына қосылды.

– Қазақстанда Педагогикалық шеберлік орталығы тарапынан әзірленген мұғалімдерді кәсіби даярлаудың көптеген жақсы бағдарламалары бар. Ұстаздар үнемі білімдерін жетілдіріп отырады, бұл сіздің елдің біліктілікті арттыруда жетекші екенін дәлелдеп отыр. Бәрін білемін деп ойламаңыз, оқи беріңіз, оқи беріңіз, – деген Элейн Уилсон форум қатысушыларына сәттілік тіледі.

Екі күн шығармашылық талпынысқа, жаңа таныстықтарға, кәсіби жаңалықтарға, өршіл жобаларға, шабыттандыратын тренингтер мен шеберлік сағаттарына толы болды.

Форум қатысушыларымен «галстуксыз кездесуге» Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» Дамыту қорының директоры, «SHARE орта білім берудегі ғылым» жобасының жетекшісі Назипа Аюбаева, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Әсел Молдабекова келді.

Жеке шеберлік сабақтар өткізген Дамир Сұлтанов, Гүлдана Бұхарбаева, Темірбек Сағындықов және өзге де жас мамандар форумның нағыз каһармандарына айналды. Олар өз әріптестерін сабақты ұйымдастырудағы және жеке кәсіби дамудағы цифрлы мұғалім, сабақ форсайты, педагогикалық ангажемент, дифференция және оқытудағы лайфхактар сияқты креативті кейстерімен таң қалдырды.

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі Күнсұлу Серікова да форумға Ақмола облысының атынан қатысып, үлкен әсер алғанын жеткізді:

Республикалық форум өз тәжірибеңмен бөлісуге, өзге мұғалімдердің оқыту тәжірибесінен үлгі алуға, білім беру ұйымдарының, әріптестердің тарапынан үлкен қолдау сезінуге мүмкіндік берді. Форум қатысушылары әртүрлі ақпараттық технологиялар мен интерактивті әдістер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын және цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған әдістемелер мен стратегиялармен бөлісті.

Жаһандық білім беру комиссиясының Азия хаб комиссары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова әрбір делегатқа үміт артатынын және отандық білімнің бәсекеге қабілетті және табысты болатынына сенімін білдірді, сондай-ақ барлық жас мұғалімге NIS-тің үлкен отбасына қабылданғанын ерекше атап өтті. Республикалық форумның негізін қалаушы ретінде Күләш Ноғатайқызы алдағы уақытта барлық облыста өңірлік кездесулер өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Форум ұйымдастырушылары – отандық мұғалімдердің кәсіби дамуын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан Педагогикалық шеберлік орталығының табысты командасы сахнаға шығып, жас мамандардың ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

Бүгінде «Табысқа апарар жол» алғашқы форумы тарих бетіне жазылды. Педагогтердің кәсіби дамуы мен байланысы үшін бірегей платформа құрылып, еліміздің үздік жас мұғалімдері NIS-пен бірге табысқа жету жолын жалғастырады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img