spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола-балалар үйі жоқ жалғыз облыс

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы барлық жетімдер үйі балалар мен отбасын қолдау орталықтарына айналды. Бұл туралы  «Ана үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі және «Демеу сенім» қоғамдық қорының жетекшісі, Құралай Жұмабекова хабарлады. Балалар үйі мен қолдау орталықтары ұғымының айырмашылықтары  туралы толығырақ спикер айтып берді:

«Осы үш жыл ішінде бізде балалар үйлері трансформацияланды, Ақмола облысы пилоттық жобаға қатысуда. Егер балалар үйі тек баланы күтіп-бағуға және өмір сүруіне  жауапты болса, бүгінде балалар мен отбасыларды қолдау орталықтарында арнайы әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Бұл балаға қажет нәрсені, турасын айтсақ,  отбасы сыйлауға, жақсы ата-ана табуға  көмектесетін әлеуметтік қызмет. Бүлдіршіндер дұрыс отбасында тәрбиеленуі үшін олар биологиялық және асырап алушы ата-аналармен  тығыз байланыста жұмыс істейді»,-деп түсіндірді Құралай Жұмабекова.

Назар аударарлық жайт, патронат отбасында белгілі бір мерзімде тәрбиеленген бала туған ата-анасына қайтарылады. Яғни, ата-ана құқығынан айырылған немесе бұған дейін баласына тиісті деңгейде қамқорлық көрсете алмаған ата-аналармен орталық 3 ай бойы жұмыс жүргізеді. Кейіннен бала қайта туған ата-анасына табысталады. Немесе орталық болашақта бала тәрбиесіне қатыса алатын туыстарын іздейді. Баланың туыстарымен байланыс сәтсіз болған жағдайда бүлдіршін асырап алушы отбасымен қауышады. Асырап алушы жандар да толық тексеруден өтеді. Рухани, материалдық тұрғыдан баланың қажеттіліктерін толық өтей алатынына көз жеткізгеннен кейін, орталық баланы асырап алушының қолына тапсырады.

«Тағы бір пилоттық жобалардың бірі – фостерлік отбасы. Келесі жылдан бастап ол заңнамалық күшіне ие болады.  Бүгін бізде Ақмола облысы бойынша 20 фостерлік отбасы бар, оларды уақытша бейімдеуді қажет ететін балалар осы фостерлік отбасыларға табысталады. Осылайша, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе жетім балалардың санын азайтамыз деген үміт бар», – деп түсіндірді Құралай Жұмабекова.

Асырап алушы отбасылар, спикердің айтуынша, бүгінгі күні мүгедектігі бар балаларды қабылдауға құлықсыз, өйткені олармен жұмыс көп.

«Егер отбасы мүгедек баланы қабылдайтын болса, онда біздің қор баланы дамытуға ай сайын 20 АЕК көлемінде қаржылай қолдау көрсетеміз. Сондай – ақ, біз оның емі мен операциясын қамтамасыз етеміз», – деді Қ.Жұмабекова.

Айта кетейік,  Құралай ханымның  өзі бүгінде 11 баланы тәрбиелеп отырған, асырап алушы ана. Көп ұзамай олардың қатарын екі ағайынды толықтырады, олардың біреуі ерекше күтімді қажет етеді.

 

 

 

Камила Әбделманова

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img