spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл еліміздегі балалар жылына орай өңірде 2000-ға жуық ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Оған облыстың 480мыңнан астам балалар қатысты. Балалар жылын өткізу бойынша облыстық штабтың, мемлекеттік  және  қоғамдық ұйымдардың қатысуымен көптеген жұмыс атқарылуда. Әлеуметтік осал топтан шыққан және ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндер ерекше назарда. Тиісті шаралар алдығы уақытта да жалғасын табады.
Ақмола облысында балаларды қорғау жұмыстары 7 бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы еңгізілген бір ерекшелік Қазақстан Республикасы төңірегіндегі әр облыста бала құқықтары жөніндегі уәкілдерді тағайындалады. Ақмола облысы бойынша бұл лауазымды  «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік психологиялық, құқықтық қорғау орталығының басшысы- Асаинова Әсем Әнуарбекқызы иеленді.

«Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде менің құзыретіме олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мына  бағыттар кіреді. Бірінші бағыт- баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне немесе әрекеттеріне шағымдарды қарау. Екінші бағыт – баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін кедергісіз іске асыруға және қалпына келтіруге жәрдем көрсету. Үшінші бағыт-Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Төртінші бағыт- білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, қорғаныс, мәдениет және спорт жүйелерінің ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне бару. Бесінгі бағыт – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды, жетім балаларды, заңмен қайшы келетін балаларды қолдау.
Менің әріптестеріммен, Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, біз үлкен жұмыс атқардық және алдағы уақытта да тыңбай еңбек ететін боламыз», – деп мәлімдеді Ақмола облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі, Әсем Асаинова.

Балаларға қатысты проблемалар айтылып қана қоймай кезең-кезеңімен шешілуі керек»,- деп толықтырды спикер. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар арқарылатын болады деп сендірді.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img