spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
11.9 C
Kokshetau

Көкшетау тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталығының көшелеріне рейд жүргізу барысында «Әскер-7» патрульдік полиция батальонының экипажы жергілікті тұрғынның басқаруымен жүріп келе жатқан «Suzuki Liana» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Тиісті құжаттарды тексеру және жүргізушімен әңгімелесу кезінде полицей автокөлік иесінен шыққан алкогольдің өткір иісін сезді. Мас болу дәрежесін анықтау мақсатында қала тұрғыны басқарудан шеттетіліп, медициналық куәландырудан өту үшін наркологиялық орталыққа жеткізілді. Нарколог дәрігердің қорытындысына сәйкес, ер адам көлікті орташа мас күйінде басқарған.


Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Баптың санкциясына сәйкес ақмолалық 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылуы мүмкін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика