spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
2.2 C
Kokshetau

«Жағымсыз пәтерлер» Ақмола полицейлерінің назарында

Сондай-ақ...оқыңыз

Құқық қорғау органдары «притондар» мен олардың тұрғындарын тексеруде.
Негізгі міндет-бұрын сотталған адамдардың, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған адамдардың мас күйінде жасайтын қылмыстарының алдын алу.
Іс-шараға жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері: учаскелік инспекторлар және патрульдік полиция батальоны қатысты.
Полиция қызметкерлері қала көшелеріне рейдтер жүргізіп, пәтер және аулаларды аралап, облыс орталығының тұрғындарын алаяқтықтың жаңа тәсілдері, пәтер ұрлығының жиілеп кеткені туралы ескертті, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және көші-қон заңнамасы бойынша әңгімелер өткізді.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 113 тұлғаны, 17 әкімшілік қадағалаудағы, сондай-ақ 63 әкімшілік қадағалауға жататын адамдарды тексерді.
Өз отбасы мүшелеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдануға бейім құқық бұзушыларды тексеруге ерекше назар аударылды, бұл бірінші кезекте оларға қатысты ерекше талаптар шығарылғандар, олардың саны қазіргі уақытта облыс бойынша 57 және 73 жанжалқорға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды.
Рейд қорытындысы бойынша 36 құқық бұзушы анықталды, олардың басым бөлігі қала көшелерінде мас күйінде болғандар, ал құқық бұзушылардың басқа санаты, өз мотоциклдерінің шуымен қала тұрғындарының түнгі ұйқысын тынымсыз бұзатын мотокөлік құралдарының әуесқойлары.
Полиция жасақшаларының қызметі кезеңінде есеп астындағы санаты тарапынан қылмыстарға жол берілген жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дрондар бақылауда: Ақмола облысында экология мен тасқын жағдайы әуеден қадағаланып отыр

 Ақмола облысында цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында өңірде 22 стационарлық дрон және 1...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика