spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда еңбек нарығы мен кәсіби білім беру мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

18 тамызда «Bolashaq saraiy»-нда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың қатысуымен білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы шеңберінде «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік сессияның пленарлы отырысы өтті.

Іс- шараның мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындау, кадрлар даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен өзара тиімді әрекеттестік тәжірибесін қарастыру.

Шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігі ТжКБ департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жамбекқызы жүргізді.

Пленарлы отырыс Off-line және On-line форматында өтті. Оған онлайн және оффлайн 1300 адам қатысты. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің, «Talap» КЕАҚ өкілдері, Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазахстан облыстарының білім басқармалары басшылары, орынбасарлары, бөлім басшылары, оқу-әдістемелік кабинет басшылары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлері, колледж директорлары, орынбасарлары, оқытушылары және жұмыс берушілері мен әлеуметтік серіктестер ұйымдарының өкілдері бар.

Елдос Мұратұлы өзінің құттықтау сөзінде барлық қатысушыларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, барлық педагогтарға, сондай-ақ барлық әріптестерге өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруға баға жетпес үлес қосқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Жиналғандар алдында Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласындағы «WOOSONG» білім беру қорының Президенті Дал Енг Ли сөз сөйледі.

Пленарлы отырыс барысында ҚР ОАМ ТжКБ департаменті, «Talap» КЕАҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Шаңырақ» қауымдастығы, білім басқармасы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «АлтынАлмас АК» АҚ, «AITAS KZ» АҚ , «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС, ТжКБ ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

Практикалық бөлім 5 колледж және 2 кәсіпорын базасында өтті. Онда цифрландыру, әлеуметтік әріптестік, диалог және пікірталас алаңдарындағы халықаралық әріптестік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img