spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 30, 2025
1.2 C
Kokshetau

Қазақстанда алдағы уақытта электр қуатының тарифі қымбаттайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда алдағы уақытта электр қуатының тарифі қымбаттайды, алайда нақты бағаны әлі атаған жоқ. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтың болжамына сәйкес баға инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс, деп хабарлайды«Хабар 24» арнасы.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, баға өсімі инфляциядан жоғары болмайды.

“Ұлттық банк инфляция дәлізін 8-10% деп бекітті. Тарифтің қымбаттауы бұл көрсеткіштен аспауы керек. Баға бірден өсіп кетпеуі үшін комитет баға саясатын ұстанады”, – деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев.

Министрлік өкілдерінің сөзінше, тариф құнының қымбаттауына қазіргі бекітілген бағаның саладағы шығындарды толық жаппауы себеп.

“Біздегі тарифтердің көлемі сапалы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Мысалы ауыл аймақтарды алайықшы. Көптеген станциялардың тозығы жеткен. Қолданыстағыларының кейбірі өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған”, – деп мәлімдеді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

 

Фото: Жайық пресс

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық студент АҚШ-та тағылымдамадан өтпек: Халықаралық жетістік – жүйелі еңбектің нәтижесі

 «Digital Agroleaders 2025» студенттік байқауы – Қазақстанның аграрлық саласындағы болашақ көшбасшыларын анықтауға бағытталған бірегей платформа. Байқауда еліміздің әр өңірінен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика