spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері құны жарты миллион теңге тұратын ірі қара мал ұрлығының бетін ашты

Сондай-ақ...оқыңыз

Мал ұрылары ұрланған малды сойып, етті өзара бөліп үлгерген. Қылмыс Қорғалжын ауданында орын алды. 16 тамызда полиция бөліміне Сабынды ауылының тұрғыны бір бас ірі қара малдың ұрланғаны туралы өтініш берді. Ауыл тұрғынының айтуынша, сиыр 1 тамызда жоғалып кеткен, алайда екі аптадан астам уақыт бойы ер адам өз бетінше іздеу жүргізген, ал олар сәтсіз аяқталған соң полицияға жүгінген. Иесі келтірілген шығынды 500 000 теңгеге бағалады.
Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары ҚР ҚК 188-1-бабы 2-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау мақсатында бөлімше қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті. Қылмысты ашуға осы елді мекенге қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторы белсенді қатысты.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде сол күні полицейлер мал ұрлығына Қорғалжын ауданының екі тұрғыны, оның біреуі өтініш берушінің ауылдасы, екіншісі көрші ауылдың тұрғыны қатысқанын анықтады. Сондай-ақ, күдіктілер табыншылар екені белгілі болды, ал сиырды түнгі уақытта қаша аумағынан ұрлаған.
Қылмыстың ізін жасыру үшін ұрланған сиырды күдіктілер сол түні сойып, етті бөліп алған. Қалған бөліктерін далаға жасырған.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері аясында ІҚМ қалдықтары заттай дәлелдемелер ретінде табылып, тәркіленді.
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img