2022 жылдың І жарты жылдығында мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі тарапынан 7 профилактикалық 10 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Жаңа Экологиялық кодекстің енуіне байланысты кәсіпкерлік кодекске де біршама түзетулер жасалды. Енді профилактикалық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласында I санаттағы объектілерде бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғалатын болады.
«Мысалы жақын арада, «Көкшетау Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынынан тексеру жұмыстары барысында біршама олқылықтар аңғарылған.
- Красный Яр ауылындағы су жинағыш тоғанында сарқынды суларды рұқсатсыз ағызу фактісі және төгінділердің нормативтерінің асып кетуі;
- Өндірістік экологиялық бақылаудың толық емес деректерін ұсыну;
- Кәсіпорын көгалдандыру бөлігінде табиғат қорғау жоспарын толық көлемде орындамауы;
- Сарқынды суларды жинақтау орнында төгінділер нормативтерінің асып кетуі анықталды.
Аталған кемшіліктер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, кәсіпорынға айыппұл салынды. Олқылықтарды жою бойынша кәсіпорынға нұсқама берілді»-, деп мәлімдеді Ақмола облысы бойынша экология департаментінің басшысы, Қадырхан Бейсенбаев.
Сондай-ақ, жоспардан тыс тексеру бойынша соңғы 6 айда Департамент тарапынан 10 тексеру жүргізілді. Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы негізінде «Макинск Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына және «Макинск завод теплоизоляция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында прокуратура талабында көрсетілген бұзушылықтар дәлелденіп, «Макинск Жылу» мекемесіне және «Макинск завод теплоизоляция» ЖШС-не айппұл салынған екен.
Тағы да басқа облыстағы ірі кәсіп орындарға тексеру жұмыстары жүргізіліп, өңір экологиясына келтірілген зиян әрекеттер үшін тиісті жаза шаралары қолданылды. Аталған кемшіліктерді жою бойынша кәсіпорындарға нақты уақыттарын көрсете отырып нұсқамалар берілді. Нұсқамалардың орындалуы мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің үздіксіз бақылауында.
Биылғы жылдың жарты жылдығында департамент тарапынан жүргізілген барлық тексерулер қортындысы бойынша 27 әкімшілік айыппұл салынып, оның ішінде 26 айыппұл бойынша 23 865 175 теңге өндірілді. 1 айыппұл бойынша іс сот орындаушыларына жіберілді.
Сонымен қатар облыс аумағындағы тағы бір өзекті мәселенің бірі – стихийлық қоқыс үйінділері. 2022 жылы облыс аумағында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының жүргізген ғарыштық түсірілімдері бойынша 674 стихиялық қоқыс үйінділері анықталды. Стихиялық қоқыс үйінділерінің басым бөлігі Целиноград, Аршалы, Біржан сал, Бурабай, Зеренді аудандары мен Көкшетау қаласы аумағында орналасқан. Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі аталған қоқыс үйінділерін зерделеп геопорталға енгізді. Жергілікі атқарушы органдармен бірлесе отырып, бүгінгі таңда аталған қоқыс үйінділерінің 615-і жойылды. Стихиялық қоқыс орындарын жою бойынша тиісті деңгейде жұмыстар жүргізбегені үшін үшін Аршалы, Целиноград Біржан сал аудандарының осы салаға жауапты тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Стихиялық қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырыла беретін болады.