spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Эпидахуал: Ақмола облысында тамыз айынан бері 1489 жағдай тіркелген

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен тәулікте әлемде 431398 жағдай тіркелген, өсім 0,1%-ды құрады. ТМД елдерінде бір тәулік ішінде 27885 жағдай тіркелген, өсім 0,1%-ды құрайды.

ҚР бойынша өткен тәулікте 789 жағдай тіркелген, өсім 0,1%-ды құрайды. Шілде айымен салыстырғанда аурудың төмендеу үрдісі байқалады.

Ақмола облысы бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жағдай салыстырмалы түрде тұрақты.

2020 жылы COVID-19 зертханалық расталған 7247 жағдай, 2021 жылы – 42434, 2022 жылы-22029, шілде айында-1272, тамыздың 16 күнінде-1489.

Маусым айымен салыстырғанда (19 жағдай) шілде айында өсім 67 есе, тамыз айында 78 есе байқалады. Ағымдағы жылдың 16 тамызында 1489 жағдай тіркелді. Күн сайын тіркелетін аурулардың жаңа жағдайларының саны бойынша біздің облыс 4-5 орында қалуда.

Өсім ағымдағы жылдың 15 маусымынан бері байқалады, өткен аптада 03-09 тамыз аралығында 671 жағдай тіркелді, ал соңғы 2022 жылдың 10-16 тамызын аралығында – 652 жағдай, ауру жағдайының 1 есеге азаюы байқалады (19 жағдайға).

Ағымдағы жылдың 16 тамызында КВИ (+) 78 жағдайы анықталды: Көкшетау қаласында-29, Степногорск қаласында – 16, Бурабай ауданында – 15, Астрахан және Ерейментау аудандарында – 7, Шортанды ауданында -4.

КВИ жұқтырған 1489 науқастың өздігінен дәрігерге жүгінген кезде 1223–і (82,1%), эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 169-ы (11,3%), алдын алу мақсатында 97-і (6,5%) анықталды.

Уақытылы вакцинацияланбау, ревакцинацияланбау аурудың өсуінің басты себебі болып табылады. Мәселен, тамыз айында ауырған 1489 адамның 786-сы (52%) вакцинацияланбаған, 372-сі (25%) уақтылы ревакцинация алмаған, нәтижесінде 1158-де (77%) коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті болмаған.

Инфекциялық стационарда 79 пациент ем алуда. Инфекциялық стационардың төсек-орынның толу пайызы 44%-ды құрады. 918 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 

 Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Ақмола облысы СЭБД басшысы, Айнагүл Мусина

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img