Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Алайда, бөлінген қаражаттың 44 пайызына мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасалған жоқ. Осы сынды жол-құрылыс саласындағы жемқорлықты азайту үшін «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды жоба жұмысын бастады. «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі бірлесе отырып қоғамдағы жемқорлық дертімен күресуге ниетті. 1 ай төңірегінде жалғасатын мониторинг жұмыстары өңірдегі жемқорлықты түбегейлі жоймаса да, санын азайтуға үлесімізді қоссақ деген ниеттері барын айтты.
«Қазақстанда жол саласының сыннан көз ашпай жатқаны белгілі. Сапасыз жол кесірінен болған көлік апаттарында талай адамдардың қайтыс болып, жарақат алды. 2021 жылы автожол саласына 500 млрд.тг. шамасында қаржы бөлінген. Сонымен қатар, осы жылы 14 000 жол-көлік апаты тіркеліп, онда 2000-нан аса адам қаза тапты, 18 000адам жарақаттанған. Бұл дегеніміз – 20 000 бұзылған тағдыр! Жол сапасының бұл жағдайға қатысы бар екенін анық. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткішіне сәйкес жол сапасы жөнінен біздің ел 138 орынның 108-ші орнында орналасқан»-, деп мәлімдеді «Әділдік жолы» РҚБ-нің Ақмола облысы бойынша филиал басшысы, Алмат Ысмағұлов.
Жоба аясында тексеруге заңгерлер мен жол-құрылыс мамандаының қатысады. Сондай-ақ, бей-жай қарамайтын кез-келген азамат та өз үлесін қоса алады. Белсенділер Adildik.kz веб-сайтына қосылып, 1463 Call center бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты 15 тамыздан бастап хабарлай алады.
Камила Әбделманова