spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
17.2 C
Kokshetau

Мүгедектерге құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж заңсыз салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мүмкіндігі шектеулі адамдардан паспорттар мен жеке куәліктер бергені үшін мемлекеттік баждарды негізсіз алу фактілерін анықтады»-, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі,

Талдау барысында 500-ден астам мүгедек азаматтардың құқықтарының бұзылғаны анықталды. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес аталған тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта полиция органдарымен бірлесіп төленген мемлекеттік баждарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Талап етілген баждардың жалпы сомасы 1 345 000 теңгені құрады.

Бұдан әрі осындай негізсіз мемлекеттік баж алуды болдырмау үшін Департамент ақпараттық жүйелерді сапалы интеграциялауды жүргізу, сондай-ақ, белгілі бір санаттағы тұлғаларға және басқа да салаларда жеңілдіктер беруге қатысты қолданыстағы заңнаманы зерделеу қажеттігін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бақылаушы органдарды заң талаптарына мұқият қарауға және азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге шақырады.

 

 

Фото: grs.gov.kg

Өңірдің әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу бойынша жұмыстар жалғасуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика