spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 12, 2025
14.2 C
Kokshetau

Көкшетауда есірткінің екі келуші салушысы ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Карасора-2022» республикалық операциясы шеңберінде облыс аумағында синтетикалық есірткілердің салушыларын анықтау және олардың құқыққа қарсы қызметінің жолын кесу бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Көкшетау қаласы бойынша рейд барысында есірткімен күрес бөлімінің жедел қызметкерлері көрші облыстан есірткі заттарын салу үшін арнайы келген 19 жастағы екі есірткі курьерін ұстады.
Тінту барысында жігіттердің бірінен құрамы ақ түсті, ұнтақ тәрізді консистенциялы (шамамен салмағы 10,5 грамм «мефедрон» психотроптық заты), қызыл түсті изолентамен оралған 21 «ziplok» қалташасы, сондай-ақ хат алмасулар мен есірткі заттарының геолокацияларының белгілері бар телефондар табылып, тәркіленді.
Телефондарда көрсетілген жерлер бойынша өтіп, орман алқабы арасынан құрамында ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар қызыл түсті изолентамен оралған 3 дана «салулар» (жалпы салмағы шамамен 1,5 грамм болатын мефедрон психотроптық заты болуы мүмкін) табылып, тәркіленді.
Жігіттердің біріне қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау), екінші ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша (аз мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптама тағайындалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Ауыл Аманаты»: Ақмола облысында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға мүмкіндік алуда

Ақмола облысында 2023 жылы басталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы табысты жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика