spot_img
Сәрсенбі, Қазан 22, 2025
0.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында ер адам мүйізді ақбөкенді атып өлтірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақбөкендерді заңсыз аулау фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында 8-18 тамыз аралығында Ақмола облысының аумағында «Ақбөкен» республикалық акциясы өткізілуде.
Іс-шара барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Охотзоопром» РМҚК және жануарлар дүниесі орман шаруашылығы аумақтық инспекциясымен бірлесіп, ақбөкендердің мекендеу аймақтарына өңір аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізеді.


Ағымдағы жылдың 12 тамызында МҚҚ және РМҚК «Охотзоопром» қызметкерлерімен ақбөкенді заңсыз аулау фактісі анықталды. Бұрын 188-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Амангелді ауылдық округінің аумағында 42 жастағы тұрғын мүйізді ақбөкенді атып, ұсталды. Қорғалжын аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі «заңсыз аң аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция қызметкерлері күдіктіден тіркелмеген тегіс ұңғылы, бір ұңғылы «ИЖ-16» маркалы мылтықты, 5 гильзаны тәркіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының барлық аумағында ақбөкендерді, олардың бөліктері мен дериваттарын ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, 2023 жылға дейін пайдалануға тыйым салынды. Заңнамаға сәйкес, киіктерді заңсыз аулағаны, олжалағаны, сақтағаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: мемлекеттік қызметтердің көптеген түрі автоматтандырылды

Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысы жалғасып жатыр. Барлық медициналық ұйымда емделушілерді цифрлық сәйкестендіру жүйесі – «Цифрлық құжат»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика