2022 жылдың 1 тамызынан бастап облыста «Мектепке жол-Шекарасыз Жақсылық!» ұранымен «Мектепке жол!» республикалық акциясы басталды
26 шілдеде Ақмола облысының білім басқармасы облыстық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Мектепке жол!» брифинг өткізген болатын.
Брифинг барысында облыс азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға, облыстық басқармаларға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу туралы ұсыныспен үндеу жолданды.
Облыстың барлық аудандары мен қалаларында 26-29 шілде аралығында бастапқы баспасөз конференциялары өтті, акция туралы көрнекі ақпарат, акция логотиптері, өткізу мерзімі, жұмыс жоспары бар стендтер безендірілді.
Қалалық, облыстық, аудандық БАҚ-тарға жергілікті атқарушы органдардың халыққа акцияға белсенді қатысуға шақыратын мақалалары мен үндеулері жолданды
Айта кету керек, жыл сайын Көкшетау қаласындағы «Сбербанк» ЖШС филиалы, «Аманат» партиясы, облыстық мәслихат, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ақниет» жеке қоры, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» жеке мекемесі айтарлықтай үлес қосуда.
Ағымдағы жылы облыс бойынша 15877 бала материалдық қолдауды қажет етеді, оның ішінде 1261 бірінші сынып оқушылары.
«Акция басталғаннан бері облыс бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Облыстың аудандары мен қалаларында 225 рейд ұйымдастырылды, оған қоғам, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінен 186 адам қатысты. 137 қолайсыз отбасы, 29 ойын-сауық мекемесі, 4 компьютерлік клуб, 11 үйдің жертөлесі, 3 саяжай шаруашылығы,13 базар араланды. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 19 кәмелетке толмаған бала анықталып, олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілді, жұмысқа орналастыру, жәрдемақыны рәсімдеу бойынша кеңестер берілді», – деп атап өтті облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Бақытжан Тұтқабаева.
Облыс бойынша 7000-ға жуық бала материалдық көмек ала алды. «Мектепке жол!» акциясын ұйымдастыру бойынша жұмыс облыстың барлық аудандары мен қалаларында жалғасуда.