Кәсіби мереке қарсаңында өңірдің дамуына үлес қосқан құрылысшылар, дизайнерлер және басқа да мамандар «Болашақ Сарайы» концерт залына жиналды. Құрметті мамандық иелерін өңір басшысы Ермек Маржықпаев мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол мамандықтың маңыздылығын атап өтіп, облыстың осы бағыттағы басты жетістіктеріне де тоқталды.
– «Бүгінде құрылыс секторы-еліміздегі, сондай-ақ облыстағы экономиканың негізгі драйверлерінің бірі. Тіпті пандемия жағдайында да құрылыс индустриясы ұйымдары жұмыстарын тоқтатқан емес. Олардың басты міндеті- өз мерзімінде сапалы түрде құру. Тұрғын үй құрылысы Ақмола облысының барлық 20 өңірінде жүргізілуде. Мұнда жеке және коммерциялық құрылыс салушылардың үлесін атап өтуге болады. Біз бүгін еліміздің және өңірдің экономикасын дамытуға үлкен үлес қосқан құрылысшы ардагерлерге ерекше алғысымызды айтамыз. Осы мереке күні Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, отбасылық бақыт және амандық тілеймін», – деді өңір басшысы.
Салтанатты шара барысында Көкшетау мен Ақмола облысының құрылыс саласының өркендеуіне қосқан зор үлесі атап өтілді. Олардың қатарында Владимир Васильевич, Айдар Хамзович Мурзин, Анатолий Филиппович Митрофанов, Татьяна Гавриловна Савенко, Бурабай Марамович Марамов, Брайда Енканович Багманов, Мунарбек Беркутбаевич Батырханов , Юлия Антоновна Фильчикова сынды шеберлер. Сондай-ақ, «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» төсбелгілерімен, ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің төсбелгілерімен және алғыс хаттарымен 25 адам марапатталды.
Цехтағы әріптестерін Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Рауан Оспанов құттықтады.
– «Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерің еңбектеріңіз-әл-ауқат пен тұрақтылықтың негізі. Әр тұрғынның өмір сапасы оның нәтижелеріне тікелей байланысты. Барлық уақытта құрылысшы мамандығы халық арасында лайықты құрметке ие болды. Сіздер жасаған барлық нәрсе бізді ұзақ жылдар бойы қуантсын. Кәсіпқойлық жауапкершілік, құрылысшылардың өз ісіне деген адалдығы біздің облыстың жақсаруына көмектеседі! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін», – деді Рауан Сабырханұлы өз құттықтауында.
Айта кету керек, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Ақмола облысы республикада орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша бірінші орында. Тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштері бойынша Ақмола облысы Республиканың үздік он облысында, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары сияқты көшбасшылардан кейін көрші облыстардан: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынан айтарлықтай алда келеді. Ақмола облысы-республикада алғашқылардың бірі болып несиелік үйлер құрылысының географиясын кеңейтті, олар тек облыс орталығында ғана емес, сонымен қатар Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Макинск шағын қалаларында салынады.