spot_img
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
1.6 C
Kokshetau

Ақмола облысында жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Көкшетау қалалық соты Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Асхат Вазировқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, он еселенген келтірілген залалдың сомасы, яғни 10 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 

Вазиров өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен қосымша жер учаскелеріне жалға беру құқығын беруге жәрдем көрсету сылтауымен екі кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен жалпы сомасы 1 000 000 теңге ақша қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Ақпарат: gov.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

IT секторының өсуі және стартаптарды қолдау

Отандық компаниялар ұсынған IT-қызметтердің көлемі 2021 жылы 646 млрд теңгеден 2024 жылы 1,74 трлн теңгеге дейін өсті. IT қызметтерінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика