spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Өңір ауылдарындағы медициналық нысандардың 70%-ы жөндеуді қажет етеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының ауылдық жерлеріндегі медициналық нысандардың 70 пайызы тозған күйде. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мәлімдеді. Шенеуніктердің айтуынша, ауылдық медициналық пункттер мен амбулаторияларға мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде  400-ге жуық нысан күрделі жөндеуді қажет ететіні белгілі болған.

Заречное ауылындағы медпункттың өзі бірнеше ондаған жыл бұрын салынған. Оның қазіргі жай-күйі ешқандай нормаларға сәйкес келмейді. Алайда, бұл жалғыз түйіткілді мәселе емес. Медициналық пунктте жұмыс істейтін ешкім жоқ.

«Дәрігер үнемі осында болуы керек емес пе. Ал, аяқ-асты ауырып қалсақ, ауылда дәрігер таппаймыз. Бұнда адамдар қысыммен, қант диабетімен, басқа да науқастар, жаңа туған нәрестелер бар. Жүгінетін ешкім жоқ. Біз көрші ауылдан   медбике, Светлана Юрьевнаны шақырып, оның келуін күтеміз. Немесе қалаға баруға тура келеді.  Медициналық пункттің тазылығын санитар жалғыз өзі қамтамасыз етіп жүр. Бір өзі  барлық бөлмелерді ағартып, тазалайды. Тағы көрші ауылдардан келген медбикеге немесе жедел жәрдем бригадасына қызмет етеді»-, деп базынасын білдірді ауыл тұрғындары.

«Медбике шақыру бойынша қарттар мен балаларды қарап, жағдайларын тексеріп кетуге келеді. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе жақсы болатын еді. Біз үнемі өтініш жазамыз, сұраймыз, бірақ көріп тұрғандарыңыздай….»-, дейді медпункт санитары, Айнагүл Сәлімбаева.

Аймақ билігі де бұл мәселені мойындап отыр. Облыстың әрбір екінші ауылындағы медициналық пункттер мен амбулаториялар апатты жағдайда. Алайда бәрін бірден жөндеу мүмкін емес дейді шенеуніктер.

 «Барлық медициналық пункттердің 70%-ының мәселесін жабу үшін 236 миллиард теңге қаражат қажет. Әрине, мұндай соманы облыс та, республика да бөле алмайды. Өкінішке қарай, бұл сұрақ бірнеше жылдар бойы, тіпті ондаған жылдар бойы шешімін таба алмай келеді. Қаржы бөлігі талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан, 20 және 50 адам тұратын елді мекендерде көмек көрсетуіміз керек»-, деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі, Нариман Сыздықов.

Материалдық-техникалық базаның әлсіздігі дәрігер тапшылығы себептерінің бірі, дейді мамандар. Сондықтан облыс ауылдарында жұмыс істеуге дайын дәрігерлер үшін 2,5 миллион теңгеге дейін көтерме және тұрғын үй беріледі. Жергілікті билік келесі жылы 12 медициналық нысанды күрделі жөндеуден өткізуге уәде берді. Ақ жағалылардың айтуынша, бұның бәрі кадр тапшылығын азайтып, ауылдардағы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартады.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img