spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
14.2 C
Kokshetau

Ойыннан от шықты: Жақсы ауданында болған өрт салдарынан екі бүлдіршін мерт болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ересектердің қарауынсыз қалған екі балаға ыс тиіп қайтыс болды

Бүгін, а.ж. 11 тамызында Жақсы ауданының Жаңа Қима кентінде екі пәтерлі тұрғын үй түтіндеген. Қараусыз қалған 2019 және 2017 жылғы туған екі баланың сіріңкемен ойнаулары нәтижесінде жиһаз өртенгеніп кеткен. Түтінді көрген көрші терезені сындырып, балаларды таза ауаға шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 5 минут ішінде жетті.
Түтіннен уланған балалар Қима ауылдық ауруханасына дереу жеткізіліп, медициналық мекемеде естерін жимастан көз жұмды.
Қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болғандығы, ал анасы аз уақытқа дүкенге кеткендігі белгілі болды. Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнау.
Шақыру орнына Жақсы ауданының 13-ӨСБ жанындағы Жаңа Қийма ауылының 28-ӨП өрт сөндіру бөлімінен 3 адам және бір бірлік техника шықты.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан жас балаларын жалғыз қалдырмауларын сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дрондар бақылауда: Ақмола облысында экология мен тасқын жағдайы әуеден қадағаланып отыр

 Ақмола облысында цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында өңірде 22 стационарлық дрон және 1...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика