spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
27.2 C
Kokshetau

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ақмола полицейлері жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 9 фактісін анықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдардағы апаттылықты азайтуға бағытталған кең ауқымды акция 19 шілдеде басталды. Бір ай ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету құзыретіне кіретін полиция департаментінің бөлімшелері рейдтік іс–шаралар мен профилактикалық акциялар өткізеді, олардың басты мақсаты-Ақмола жолдарындағы апаттарға жол бермеу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу.
Тәртіп сақшыларының ерекше бақылауында-жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер. Рейдтік іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары жолаушыларды тасымалдау үшін көліктің сәйкестігін, сондай-ақ қажетті рұқсат беру құжаттарының болуын тексереді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының 21 күні ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын 9 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, акция басталғаннан бері Ақмола жолдарында 10 220-дан астам жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары анықталды.
Антирейтингке жылдамдықты арттыру– 5 345 факт, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзу– 1 818 факт, жаяу жүргіншілер жасаған жол қозғалысы ережелерін бұзу– 1 267 бұзушылық кірді. Патрульдік полиция жасақтары облыс жолдарында мас күйінде 150 жүргізушіні және көлікті басқару құқығынсыз басқарған 212 жүргізушіні ұстады.
«Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу іс-шарасы 18 тамызда аяқталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика