spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Пестицидтерді, асыл тұқымды малды және тірі ірі қара малды импорттаушыларға арналған салық жеңілдігі қалпына келтірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚР Заңымен Салық кодексіне қосылған құн салығын әкімшілендіруге қатысты өзгерістер енгізілген.

Мұндай өзгерістер Салық кодексінің 427 және 428-баптарына енгізіліп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Түзетулерге сәйкес, пестицидтер (улы химикаттар), асыл тұқымды мал, қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар және тірі ірі қара мал импорттау кезінде есепке алу әдісімен қосылған құн салығы төленетін тауарлар тізіміне енді. Түзетулер бизнес-қауымдастығының ұсынысы негізінде енгізілген. Осыған дейін 2021 жылғы 20 желтоқсандағы ҚР Заңымен аталған тауарлар жеңілдіктер тізілімінен алынып тасталған болатын.

Сондай-ақ, импорттау кезінде есепке алу әдісімен қосылған құн салығы төленетін тауарлар бойынша талап қою мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Аталған өзгеріс 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 434-бабынның 2-тармағына қосылған құн салығын қайтаруды әкімшілендіру бөлігінде редакциялық түзетулер енгізілді. Оларға сәйкес, «айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерді «айырбастау кезінде шикізатты экспорттаушылар» деген сөздермен ауыстырылды және «шикізат экспортынан» деген сөздер алынып тасталды. Бұл нормалар шикізат экспортынан  түскен валюталық табыстың 50%-тен кем емес бөлігін ұлттық валютаға айырбастаған тұлғалар үшін қосылған құн салығының асып кеткен  сомасын оңайлатылған тәртіптен қайтаруға мүмкіндік береді.

Аталған өзгеріс 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді.

ФОТО: Нұрлан Ысқақов Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img