Ақмола облысында дәстүрлі жазғы «Ақ бидай» ауылдық спартакиадасы басталады, деп хабарлайды Ақмола облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
Спартакиаданың ашылу салтанатында Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарымен 5 негізгі көріністен құралған ауқымды театрландырылған қойылым ұсынылады.
Степняк қаласының стадионында «Көкшетау» мәдениет сарайының «Шалқыма», «Он алты қыз» және «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайының «Асыл мұра» және «Арай», Ерейментау ауданының «Жастар» және «Элегия», Қорғалжын ауданының «Қазына» және «Фламинго» хореографиялық ансамльдерінің қыздары егемен Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігін бейнелейтін «Гүлденген Жаңа Қазақстан!» хереографиялық өрнегін сипаттайды.
«Ауыл Біржан сал» деп аталатын №1 көріністе «Біржан сал» бейнесіндегі артіс «Ләйләм шырақ» шығармасымен спартакиада қонақтарын қарсы алады. Зеренді ауданының «Арқа әуендері» және Біржан Сал ауданының «Көкек» фольклорлық ансамбльдері өздерінің үздік композицияларын ұсынады.
«Дала үні» атты №2 көріністе Біржан сал, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандары мен Қосшы қаласынан келген 100 домбырашы «Көңіл ашар» күйін бір мезетте орындайды.
«Жайлау оюлары» деп аталатын №3 көрінісі 100 қыздың орындауында хореографиялық композициямен орындалса, «Спорт!» атаулы №4 көрініс спортшылардың футбол, гимнастика, еркін күрес, бокс, қоян-қолтық ұрыс сынды спорттың 5 түрі бойынша хореографиялық сақиналарды құрауы композициясымен орындалады.
«Балақай» үлгілі ансамблі мен Біржан Сал ауданының балалары №5 «Балалар жылы» атты көріністе «Тентегім» әнін орындайды.
Спартакиаданың соңғы әні «Айару» триосымен шырқалады.
Іс-шара соңында Ақмола облысының үздік солистері мен шығармашылық ұжымдарының орындауында мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.