spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Қазақстанды Еуразиядағы ірі көлік дәлізіне айналдыру қажет – Ақмолалық жол-құрылыс саласының ардагерлері

Сондай-ақ...оқыңыз

Жол-құрылыс саласы әрдайым сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және жалпы халықтың жіті назарында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев автожол саласын дамыту мәселелерін жиі қозғайды. Бірнеше рет ол проблемалық мәселелерге назар аудара отырып, саланың олқылықтарын сынға алды.

«Бір апта бұрын біз еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша арнайы кеңес өткіздік. Бүгін автожол инфрақұрылымы саласындағы проблемаларға ерекше тоқталғым келеді. Биыл 11 мың шақырымнан астам жолға түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстарын кешіктіруге болмайды. Жобалардың жүзеге асырылу барысын қатаң бақылау қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сарапшылар мен автожол саласының ардагерлері жол саласындағы көптеген мәселелері шешілетінін атап өтті. Ең бастысы – тиісті деңгейде көңіл бөлу және оңтайлы жұмыс тәсілдердін табу. Мысалы, құрылыс материалдарының, битумның тапшылығы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, жол-құрылыс жұмыстарын уақытылы және сапасыз орындау. Мұның бәрін мүмкіндігінше тезірек шешу керек, елдің инфрақұрылымдық әлеуеті осыған байланысты, дейді ардагерлер.

«Автожол саласының мәселесі тек жол құрылысы мен жөндеуде ғана емес. Сондай-ақ, жолдарды пайдаланушылар үшін техникалық қызмет көрсету, қауіпсіздік шаралары да бар. Бұл өте кең әрі ауқымды жұмыс. Сондықтан көптеген адамдар әрдайым жолшыларды ғана сынға алғаны орынсыз болар. Көп жағдайда жол сапасы басқа факторларға да байланысты. Мысалы, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету тұрғысынан мұнай және кен өндіру жұмыстарына да сала тікелей байланысты. Сондықтан шетелдік тәжірибеге назар аудару керек. Олардың біразында жеке агенттіктер немесе автомобиль жолдары министрліктері құрылды. Мысалы, Польша мен Ресейде жолшылардың қолында көбірек мүмкіндіктер мен өкілеттіктерді шоғырландырады. Әрине, қаржыландырылған істер нәтижелі болады»,-дейді ардагер-жолшы, Қазбек Хасенов.

Автожол саласының алдында көптеген міндеттер тұр, соның ішінде Қазақстанды Еуропадан Қытайға, Ресейден Орта Азияға баратын ірі көлік дәлізіне айналдыру. Сондықтан жолдардың сапасын және олардың пайдалану жағдайын жақсарту тек қажеттілік қана емес, сонымен бірге елдің инфрақұрылымдық дамуының маңызды бағыттарының бірі.

«Бүгінде жол-құрылыс саласы алға қарай сенімді қадамдар жасауда. Соңғы жылдары көптеген оң өзгерістер орын алды. Жаңа технологиялар енгізіліп, заманауи техника мен жабдықтар келуде. Сапа мен бақылауды қамтамасыз ету жол сапасын дамудың маңызды бағыты болып қала бермек. Облыстың көптеген автожол учаскелері қайта жаңартылуға, жөнделуде. Бұл саланың көлемі мен маңыздылығын ескеру қажет. Сондықтан автожолдармен айналысатын жеке министрлік немесе агенттік құру, оны жөндеу және құрылыс сапаны қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу жұмыстары ақталатын болады», – дейді жол-құрылыс саласының ардагері Геннадий Долгих.

Жол-құрылыс саласын тиімді басқару үшін неғұрлым кең мүмкіндіктер қажет, дейді сарапшылар. Олар атап өткендей, жол шаруашылығын тиімді басқаруды бірінші кезекте өңірлер деңгейінде енгізу қажет, өйткені жергілікті жерлердегі проблемалар айқын көрінеді. Сондай-ақ, бұл жолдардың жағдайын жақсартуға және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуіне мүмкіндік береді.

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img